«Қызықты математика» факультатив сабағы 3 - сынып Тақырыбы: Математикалық Ғаламға саяхат Мақсаты: Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту; есептеу дағдыларын жетілдіріп, математика пәніне деген қызығушылығын ояту; жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сабақтың жабдығы: ракета моделі; үлкен қағазда белгіленген ұшудың жоспары; жұлдызшалар қызыл, сары, көк. Сабақтың барысы: Экипаж командирі дайындығы жөнінде рапорт беріп, ракетаның үшуына секундтарды санайды. Ғылымның сырын ұғына Шығыңдар білім шыңына! Ұқыптылық пен зеректік Жеткізсін сіздей өренді Математика сырына. Біздің ракетамыздың стартына дейін 10 секунд қалды. Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Ұшу кезіндегі сендердің ең бірінші сынақтарың — «Қай ракета жылдам? Қаламдарыңды дайындап, ережелерін мұқият тыңдаңдар. Әр командир ішінде тапсырма жазылған ракета алады. Тапсырманы тез орындап, келесі оқушыға беруі тиіс. Соңғы тапсырманы орындаған экипаж мүшесі ракетаны орнына әкеледі. Егер экипаж тапсырманы тез және дұрыс орындаса, ол жұлдызшамен марапатталады 1 орын — қызыл, 2 орын — сары, 3 орын — көк жұлдызша. Әрбіреуіне тапсырма жазылған карточкалар таратылады. Наурыз, сәуір және мамыр — көктем айлары. Көктемде неше күн барын сана. Баспалдақта 15 басқыш бар. Баспалдақтың орта тұсындағы басқыш нешінші болады? Ұзындығы 10 м жіпті әрқайсысы 2 м болатын бөліктерге бөлу қажет. Сонда жіпті неше рет қию керек? Дене шынықтыру сабағында оқушылар араларына 1м салып, бір қатарға тұрды. Қатар 25 метрге созылды. Қатарда қанша оқушы бар? Суретте неше шаршы суреттелген? Суретте неше үшбұрыш бейнеленген? Экипаждың алға орыны белгіленіп, қажетті жұлдызша беріледі. Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. «Қызықты» аялдамасы - «Қызықты» аялдамасында сендерді қуанышты хабар күтіп тұр: Ғарышқа геометриялық фигуралардан және цифрлардан құрастырылған адам ұшып кетті. Қазір экипаж суретшілері сол адамның суретін салуға кіріседі. Ал қазір сурет сайысының қорытындысын шығарайық. Мына адамның суретіне қарап келесі сұрақтарға жауап беріңдер: қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар және олардың саны қанша? Тіпті ұшу кезінде де спорттық жаттығуларға уақыт табуға тырысады. Шаршағанды басу үшін біз де сендермен жаттығу жасайық. Барлығы орындарынан тұрып, спорттық жаттығуды қайталайды. Ғаламшарға ұшу үшін Жылдам ракета күтіп тұр. Ұшқымыз келген әр жерде Әп сәтте — ақ ұшамыз. Бар ойынның бір сыры Шапшаң бала озады, Аңқау бала қалады. Сендер — жақсы спортшысыңдар. Әр топ қызыл жұлдыздан алады. «Ой қозғау» аялдамасына ұшып келеміз. Экипаж штурманы санауышты жақ! Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин болды. Ол Жер айналасын 108 минутта ұшып өтті. Жер айналасындағы ғарыштық ұшу неше сағат жіне неше минутқа созылды? «Союз - 9» ғарыштық кемесі 18 тәулік бойы ғарышта болды. Ұшу неше сағатқа созылды? Ұшу 175 күнге дейін созылды. Ғарыштық кеменің жерге орылу мерзімін атаңдар. «Союз - 35» ғарыштық кемесі 1980ж. Ұшу қанша күнге созылды? Енді біздің ракетамыз соңғы аялдамаға ұшып барады. Экипаж штурманы санауышты жақ! Секундтарды санаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Балалар математикаға байланысты ребустарды шешеді. Ең кіші үш таңбалы сан 6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш 7. Уақыттың өлшем бірлігі 9. Арифметикалық амал таңбасы 10. Ең үлкен бір таңбалы сан. Осы бөлімнің және барлық ойынның қорытынды бағасы шығарылады. Экипаж жерге оралып, алған әсерлерімен бөліседі. Естелік ретінде әр оқушыға жұлдызша сыйланады. Ақмола облысы, Зеренді ауданы Пухальск негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Баян Балташевна.